Түркістан облысының Мақтаарал ауданында карантин күшейтілді

981

Соңғы бірнеше тәулік ішінде Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында карантин күшейтілді

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде аудан көлемінде 14-28 қаңтар аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған карантин және шектеу шаралары енгізілді.

Қаулыда көрсетілген талаптардың қатаң сақталуы талап етіледі. Коронавирустық инфекция мен пневмонияның вирустық түрі анықталған азаматтар, үйлерінде оқшауланған отбасылар 14 күндік карантин режимін бұзуға жол бермеуі қажет. Бұл жөнінде аудан құрамында құқық қорғау орган қызметкерлері мен әкімдік өкілдерінен тұратын жедел мобильді топ өкілдері түсіндіру жұмыстарын атқарады. Карантин тәртібін бұзған жағдайда әкімшілік шара қарастырылып, бекітілген көлемде айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу