Түркістан облысының орталығына көшетіндерге баспана берілмек

928

Облыс орталығына көшіп баратын қызметкерлерге Түркістан, Кентау қалаларынан уақытша берілетін пәтерлер мен қонақ үйлердің, жатақханалардың тізбесі жасалды. 

Түркістан облысының орталығына көшетіндерге баспана берілмек

Түркістан облысының орталығына ауысатын қызметкерлер баспанамен қамтамасыз етілмек. Бұл туралы аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев облыс әкімі аппараты мен басқармалардың қызметкерлерімен кездесу барысында айтты.

Әкімнің сөзінше, облыс орталығына көшіп баратын қызметкерлерге Түркістан, Кентау қалаларынан уақытша берілетін пәтерлер мен қонақ үйлердің, жатақханалардың тізбесі жасалды. Оларды жалдауға республикалық бюджеттен әр қызметкерге ай сайын 81 мың 600 теңгеден жәрдемақы беріледі. Ал алдағы 1 жарым жыл ішінде барлық қызметкерлер қызметтік пәтерлермен қамтамасыз етілетіндігін айтқан өңір басшысы еңбек өтілі 10 жылдан жоғары, меншігінде пәтер тіркелмеген азаматтардың баспаналы болуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Яғни, тиісті ережеге сәйкес қызметкерлерге қалдық сомасымен қызметтік пәтерлерді жеке меншікке беру мәселесі арнайы комиссияда қаралатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу