Түркістан облысының полицейлері 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі

426

Бұл туралы  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының полицейлері 2500-ден астам түп көкнәр тәркіледі Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Шардара ауданының полицейлері бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтап, өсірген күдіктіні анықтады.  

Polisia.kz порталының мәліметінше, құқық қорғау қызметкерлері Шардара ауданы тұрғынының үйіне тінту жүргізу кезінде құрамында есірткі заты бар өсімдік егістігін анықтады. Одан әрі жедел уәкілдер оның ауласынан өсіп тұрған 2454 түп көкнәрға ұқсас есірткі, сондай-ақ кептіруге дайындалған 80 түптен астам өсімдік тәркіледі. 

Сонымен қатар полицейлер күдіктінің үйінен салмағы шамамен 100 грамм болатын есірткіге ұқсас зат салынған қапшық пен шыны ыдыстағы көкнәр тұқымын анықтады. Сараптама тағайындалды. 

Аталған жайт бойынша екі баппен сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар: ҚР ҚК-нің 296-бабы мен ҚР ҚК-нің 300-бабы. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу