Тәртіп сақшылары 850 түп өсіп тұрған, 20 түп шабылған өсімдік және 5 пластмасс ыдыстағы марихуанаға ұқсас есірткі затын тәркіледі.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Қызылорда облысының екі тұрғынын анықтады, олардың біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды", – деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеліп, заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілген. Зерттеу қорытындысы бойынша 15 келіден астам кептірілген марихуана екендігі анықталды.