Түркістан облысында банан пісті

256

Түркістан облысы Сайрам ауданының шаруалары жылы жақта өсетін бананды өз ауылдарында өсіріп, екінші рет өнім алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркістан облысында банан пісті Фото: www.mentoday.ru

"Gen group Kazakstan" ЖШС басқарушы директоры Ислам Алиевтің айтуынша, алдағы ақпан айында өнім толық жиналып, сатылымға шығарылады. 

– Жалпы, банан ыстық ауа райында өсетін жеміс. Негізінен Африка мен Түркия елдерінде көп болады. Соның көшетін жерсіңдірмек болып, біршама жұмыс атқардық. Алдымен лабораторияда жеміс ағашын отырғызатын топырақтың құнарлылығын тексерттік. Содан 5 гектар жерге 400 камаздан астам көң түсірдік. Жылыжай салдық. Жерді дайындап болған соң, Түркиядан банан көшеттерін алып келіп отырғыздық, – дейді Ислам Алиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу