Түркістан облысының шаруалары қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады

768

Жетісай ауданындағы Әл-Фараби елдімекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабаттың алғашқы өнімін Түркістан облысы бойынша алғаш болып экспорттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының шаруалары қырыққабаттың алғашқы өнімін экспорттады

"Қысқы мезгілде шаруа қожалығымызға тиесілі жердің 10 гектарына қырыққабаттың 50-55 күнде ерте пісетін "Зарисма" сортын ектік. Егілген көшеттердің барлығы өзіміздің жылыжайда өндірілген. Жалпы 10 гектарға егілген өнім көлемі 40 центнерді құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыздың толық ақталғанын білдіреді. Артылған 40 тонна қырыққабат Беларусь мемлекетіне жөнелтілетін болады", - дейді шаруа қожалығының төрағасы Сәбденов Бекзат.

Жетісай ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуовтың айтуынша, Жетісай ауданында биыл 1 080 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егілген. Былтыр аудан диқандары 36 мың тонна қырыққабат өнімін өндірген. Негізінен егін шаруашылығымен айналысатын аудан халқы 78 500 гектар аумаққа егін егеді. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 1 300 гектарға – көкөніс, 10 мың гектар аумаққа бақша дақылдары егілген.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу