Түркістан облысының шекара басқармаларында өлшеу құралдары метрологиялық тексеру жүргізбей пайдаланылған

582

Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады.  

Түркістан облысының шекара басқармаларында өлшеу құралдары метрологиялық тексеру жүргізбей пайдаланылған Фото: shanyraq.info

Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" заңының талаптарын сақтау бойынша әскери прокуратурамен бірлескен тексеру жүргізді.

Ақпаратқа сәйкес, ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Сарыағаш және Мақтаарал аудандары бойынша шекара басқармалары тексеріліп, аталмыш заңның сақталмағаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Тексеру барысында медициналық бөлімде қолданылатын өлшеу құралдарының 97 бірлігі метрологиялық тексеру жүргізбей пайдаланылғаны анықталды. Олар қан қысымын бақылауға арналған аппараттар, әскери қызметшілердің дене температурасын және қоршаған ортаны өлшеуге арналған термометрлер, жанар-жағармай материалдарын жіберуге арналған отын-тарату бағаналары, сұйықтықтың қысымы мен температурасын өлшеу кезінде манометрлер мен термометрлер және т.б. Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік әскери прокуратураның ұсынымын алғаннан кейін қаралатын болады", - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу