Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен он екі адам табылды

432

Оларды іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен жоғары өтімділігі бар техника, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылған болатын. 

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен он екі адам табылды Фото: gov.kz

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен бір отбасының он екі мүшесі табылды, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, отбасы мүшелері жаңа жыл күні қойшы ауылдағы өз үйлеріне демалуға барған көрінеді. Екі күн бойы соққан қатты боран салдарынан кері қайта алмапты.

"Құтқарушылар мүгедек әже мен екі қызды Түркістан қаласына эвакуациялады. Әжейге медициналық көмек қажет болған жағдайда, бұл жерге медицина қызметкерлерінің жетуі қиын болатын еді. Қалған 9 отбасы мүшесі  ауылдағы үйде қалды. Олар эвакуациядан бас тартып, жол ашылған соң үйлеріне оралатынын айтты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін жоғалған адамдардың соңғы рет байланысқа 3 қаңтарда шыққанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу