Түркістан облысының тұрғыны 40 жасында бірінші рет жеке куәлік алды

601

Ер адам осы уақытқа дейін жеке басын анықтайтын құжат алмаған.

Түркістан облысының тұрғыны 40 жасында бірінші рет жеке куәлік алды Фото: Жамбыл инфо

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 40 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазығұрт аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі тобының полицейлері тұрғынның жоғалған туу туралы куәлігін қайта қалпына келтірді. Осылайша оның жаңа жеке куәлігін жасау жұмыстарын жүргізді.

"Мен Қазығұрт ауданында дүниеге келгенмін. Осы уақытқа дейін отбасылық жағдайыма байланысты құжат ала алмадым", - деді облыс тұрғыны Ербол Баратов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу