Түркістан облысының тұрғыны танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған

371

Келтірілген шығын көлемі – 125 мың теңге.

Түркістан облысының тұрғыны танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған күдікті ер адам анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Яғни, жәбірленушінің айтуынша, танысы оның құны 50 мың теңге болатын Huawei телефонын жымқырып, шотынан 75 мың теңге ақшасын шешіп алған.

Оқиға орнына барған түлкібастық полицейлер күдіктінің ізіне, жүрген бағытына қарай аяқ басты. Көп кешікпей тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынды анықтады. 

Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішкен кезде жәбірленушінің масаң күйін пайдаланған ер адам оның телефонын байқатпай әкетіп, шотындағы ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Ер адамнан қолды болған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. 

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу