Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді

765

Заңсыз оқ-дәрілер “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Түркістан облысының тұрғынынан 260-тан астам оқ-дәрі тәркіленді Фото: polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Созақ ауданынан заңсыз оқ-дәрілерді анықтады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында,  ауыл тұрғынының үйіндегі түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркілендіі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп және оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу