ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынның бірінің үйінен құрамында есірткі заты бар өсімдік егілгенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сараптама қорытындысы өсімдіктің 160 келіден асатын "көкнәр" екенін растады.
Аталған факті ҚР ҚК 300-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу