Түркістан облысының тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды

895

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды Фото: polisia.kz

Түркістан облысының тұрғынын пышақпен қорқытып, 5 млн теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. 

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.

Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.

Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер 5 млн теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны. 

Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде алты оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу