Түркістан облысының тұрғынынан "көкнәрдің“ 4 мыңға жуық түбі тәркіленді

510

Сараптама қорытындысы өсімдіктің 160 келіден асатын "көкнәр" екенін растады.   

Түркістан облысының тұрғынынан "көкнәрдің“ 4 мыңға жуық түбі тәркіленді Фото: polisia.kz

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынның бірінің үйінен құрамында есірткі заты бар өсімдік егілгенін анықтады.

Үйді тінту кезінде, күдіктінің бақшасынан "көкнәрға" ұқсас 3900-ден астам есірткі түбін тауып, тәркіледі.

Аталған факті ҚР ҚК 300-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу