Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді

394

Дәрінің жалпы салмағы 16 граммнан асты.

Түркістан облысының тұрғынынан трамадол дәрісі тәркіленді Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғыннан трамадол дәрісін тәркіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында психотроптық препаратты заңсыз сақтау және тасымалдау күдігі бойынша ер адамды анықтады. Нақтырақ айтсақ, полицейлер көшелердің бірінде тоқтатқан ер адамға тінту жүргізіп, одан әсері күшті дәрі тапты.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғыннан психотроптық препараттың 27 пластинасын тәркілеп алып, сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес тәркіленген трамадолдың жалпы салмағы 16 грамнан асты.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталады. Қазақстан Республикасының Үкіметі трамадолды есірткі құралдарының тізіміне енгізді және тек рецепт бойынша берілетінін ескертті.

Ал дәрілік заттарды лицензиясыз өткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу