Түркістан облысының жаңа картасы әзір болды

6023

Жаңа құжатты онлай-режимде қолдануға болады.

Түркістан облысының жаңа картасы әзір болды

Түркістан облысының жаңа картасы жасалып бітті. Картаға өңірдегі бөлінген Келес және Жетісай аудандары мен өзге де өзгерістер енген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Түркістан аймағының бір мыңнан бес мыңға дейінгі көлеміндегі сандық саяси және әкімшілік картасын "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор" мемлекеттік кәсіпорны жасап шығарды. Мұнда шекаралары өзгерген аудандардың орналасуын көруге болады.

Картаның баспа нұсқасы Түркістан облысының әкіміне сыйға тартылды.

Ал Интернетте "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор" мемлекеттік кәсіпорнының — nkgf.kz сайтынан танысуға болады. Оны құрастырушылар қысқа мерзімде барлық атаулар латын әріптерімен жазылады дейді.

Айта кетейік, авторлар оны жасау үшін 3 ай уақыт жұмсаған.

"Картаны жасау барысында елдімекендердің мемлекеттік географиялық каталогындағы атаулары қолданылды. Барлық шекаралар жаңартылған. Жол жүйелері жаңартылған. Карта жалпы көпшілікке, әкімшілік қызметкерлеріне, аймақтағы барлық департамент басшыларына арналған. Қажет деп тапқандардың барлығына да қолжетімді", – дейді Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының сарапшысы Наталья Боровинская.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу