Түркістан облысының жедел-жәрдем қызметі 77 көлікпен толықты

854

Күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады.

Түркістан облысының жедел-жәрдем қызметі 77 көлікпен толықты

Түркістан облысы медициналық жедел-жәрдем стансасына 77 санитарлық көлік берілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Жедел-жәрдем көліктері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мамандандырылған реанимациялық емдік шараларын көрсетуге мүмкіндік беретін автокөліктер портативті өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор, электрокардиограф, реанимациялық көмек көрсетуге арналған чемодан, жылжымалы зембіл, пульсоксиметр, редуктор-ингалятор және электрсорғыштармен жасақталған. Жыл соңына дейін қосымша 45 дана санитарлық автокөлікпен жабдықтау көзделген.

Жалпы, күн сайын облыстық жедел-жәрдем стансасының 124 бригадасы шақыртуға шығады. Тәулігіне орташа есеппен 2000-ға жуық қоңырау түсуде. Келесі жылы бригадалар санын 150-ге дейін арттырып, медициналық жедел-жәрдем қызметін одан әрі жетілдіру жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу