Түркістан облысының журналистері солтүстік өңірге сапар шекті

2013

Олар оңтүстіктен қоныс аударғандардың жай-күйін біліп қайтпақ.

Түркістан облысының журналистері солтүстік өңірге сапар шекті

Түркістан облысының журналистері күнгейден солтүстікке көшіп барған отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін солтүстік өңірлерге аттанды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетсек, Елбасы  Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2015 жылдан бастап еліміздің жұмыс күші аз өңірлеріне халқы тығыз орналасқан аймақтардан адамдарды тарту, оларға қажетті жағдай жасау жұмыстары басталған болатын. Бүгінде Түркістан облысынан қоныс аударушылар бағдарламаға қатысушылардың 60 пайызын құрауда.

Бағдарлама бастау алған сәттен бастап 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін бұл өңірден 282 отбасы солтүстік аймақтарға қоныс аударыпты.

Оның ішінде 22 отбасы (92 адам) Қостанай облысына, 46 отбасы (90 адам) ШҚО-ға, 94 отбасы (282 адам) СҚО-ға, 44 отбасы (219 адам) Павлодар облысына көшіп барды.

Қоныс аударған 683 адамның 287-сі еңбекке қабілетті болса, 204 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 8 адам жеке кәсібін ашты.

Солтүстік өңірлерден арнайы өкілдер келіп, кезең- кезеңімен  түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. "Өңіраралық бос жұмыс орындары" жәрмеңкелері өткізілген. Сондай-ақ, демеушілер есебінен 150-ге жуық түркістандық солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, өз көздерімен көріп қайтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу