Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына шұбаркөл көмір жеткізіледі

489

Жылыжай шаруашылықтары үшін 1 тонна үшін көмірдің құны 10 350 теңгені құрайды. 

Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына шұбаркөл көмір жеткізіледі Фото: Inbusiness.kz

Жөнелтудің 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады. Мүдделі жылыжай шаруашылықтары келісімшарт жасасу тәсілдері туралы толығырақ ақпарат алу үшін Түркістан облысы әкімдігінің энергетика басқармасына жүгінуі керек. Өңір әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 20 шілдесіндегі жағдай бойынша облысқа 148,8 мың тонна көмір жеткізілген, жылыжай шаруашылықтары одан 28 мың тонна көмір сатып алды.

Бұдан басқа, әрбір өңірдің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, коммуналдық-тұрмыстық көмір сауда-саттығының нормативтерін ретке келтіру үшін СИМ Сауда комитеті, БҚДА және ИИДМ-мен бірлесіп биржалық сауда саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмысты бастады.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың ақпан айының басында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин қалың қардан зардап шеккен Түркістан облысының жылыжай иелерімен кездескен болатын. Сол кездесуде олар Вице-премьерге көмірді жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету және субсидияларды қайтару туралы өтінішпен жүгінген еді. Вице-премьер фермерлерді Үкіметтің жылыжай шаруашылықтарын субсидиялау туралы шешімі туралы хабардар етті. Ол үшін жылыжай сертификаттаудан өтіп, өндіріс стандарттарына сай болуы керек. Осы мақсатта жылыжайлар үшін ұлттық стандартты әзірлеу тапсырылды.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі басым дақылдарды өндіру шеңберінде жылыжай шаруашылықтарын субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, маусымаралық кезеңде жылу энергиясына арналған шығыстарды субсидиялауды енгізу жоспарлануда. Субсидияға өтініш беру үшін жылыжайдың өндіріс технологияларына сәйкестігі туралы сертификат қажет.

Ол үшін Вице-Премьер Жұманғариннің тапсырмасы бойынша сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енген фермерлік жылыжайлар үшін Ұлттық стандартты (ҚР СТ 3834-2023) бекітті. Бүгінгі таңда Ұлттық аккредиттеу орталығы республика бойынша аккредиттеу саласындағы бөлімшелер желісі бар "жылыжай" өнімі бойынша "ҰлтЭкС" АҚ бастапқы аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды аяқтауда.  Сертификаттау бойынша дайындық жұмыстары тамыздың бірінші онкүндігінде аяқталады деп күтілуде.

АШМ тарапынан әкімдіктің қаулысымен бекітілген субсидиялар нормалары бойынша 1 га шығыстарды өтеуді көздейтін субсидиялау қағидаларына тиісті өзгерістер әзірленді. Ережелер 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін қабылданады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу