Түркістан өңірінде 200-ге жуық елдімекенді дамыту сызбасы әзірленді

1064

Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы өткен жылға жоспарланған көптеген міндеттер орындалып, қазынадан бөлінген 66027,0 мың теңге толықтай игерілді дейді.

Түркістан өңірінде 200-ге жуық елдімекенді дамыту сызбасы әзірленді

2019 жылы Түркістан өңірінде 188 ауылды көркейтудің сызбасы әзірленеді. Бұл туралы Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебеков өткен жылға есебінде айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Ал былтыр 77 елдімекенді дамыту үшін құрылыс сызбасы жасалған екен.

Айтуынша, өткен жылға жоспарланған көптеген міндеттер орындалып, оған қазынадан бөлінген 66027,0 мың теңге толықтай игерілген.

"Сәулеттік жобалар ретіне тоқталсам, біздің басқарма тарапынан "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру аясында жүзеге асырылған жобалар туралы бағдарламаға сәйкес облыс аумағындағы 500 ескерткіш анықталып, іріктеліп, оның ішінде, 100 нысанның тізімі облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп жасалды. Сонымен қатар, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының тарапынан эскиздік жобалар әзірленді. Олар – облыс картасына орналасқан тарихи нысандарды ашық аспан астындағы макеттерінің жобасы, облыс бойынша аудан орталықтарындағы салынатын "Достық үйі" жобасы. Қазығұрт ауданы бойынша "Қазығұрт – кеме қалған" тарихи-этнографиялық кешенінің жобасы жасалып ұсынылды. 2019 жылға іске асыру жоспарланған. Ордабасы ауданы бойынша "Ордабасы" мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру. Үш бидің ескерткіші орнатылды. 2019 жылға абаттандыру жұмыстарын жалғастыру жоспарланған", – деді бас спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу