Түркістан облысында егіс алқаптарының тұзын шаюға 330 млн текше метр су берілді

108

Бұл топырақтың құнарлығын арттырып, жақсы өнім алу үшін қажет.  

Түркістан облысында егіс алқаптарының тұзын шаюға 330 млн текше метр су берілді Фото: gov.kz

Биыл Түркістан облысының "Қазсушар" филиалы биыл сор шаю жұмыстарына 330 млн текше метр су жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Мақтарал және Жетісай аудандары бойынша қысқы сор шаю жоспары 80%-ға жуық орындалды. Мақтарал ауданында жоспарланған 43 600 гектар жердің 34 456 гектары тұздан тазартылды. Жетісай ауданында 53 мың гектар жердің 42 мың гектарының соры шайылды.

"Топырақ тұзынан құтылудың бірден-бір жолы – сор шаю. Осы ретте жердің тұздану дәрежесіне және топырақтың механикалық құрамына байланысты сор шаю уақыты мен мөлшерін дұрыс анықтау өте маңызды. Филиал сор шаю жұмыстарын наурыз айының алғашқы онкүндігінде аяқтауды жоспарлап отыр",  деді Түркістан облысының "Қазсушар" филиалының директоры Қазыбек Бедебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу