Түркістан өңірінде имамдарды аттестациялау басталды

1311

Аттестациядан өте алмай қалғандардың бір айдан кейін тағы да тапсыруға мүмкіндігі бар. Одан сүрінсе, қайтадан білім жетілдіру курстарына жіберілетін болады.

Түркістан өңірінде имамдарды аттестациялау басталды

Түркістан өңірінде имамдар аттестациясы басталды. 5 жылда бір рет өткізілетін сараптауға 280 дін қызметкері ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Аттестация тапсыруға келген имамдарға еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз сәттілік тіледі.

Білім көкжиегін анықтайтын шараға тек имамдар ғана емес, ұстаз, азаншылар да қатысуда.

"Негізгі қойылатын талаптар – өзінің діни білімі аясында шариғат Ислам негіздерінен және иман негіздерін қалыптастыратын біздің өзіміздің діни мектебіміз Ханафи Мазхабының діни таным түсінігінің аясында және ең бастысы мемлекеттік заңымызды білу, Ата заңымыз Конституцияны білуі болып табылады. Діни бірлестіктер, олардың құқықтары мен қызметтерін айқындайтын заңнамалар аясындағы сұрақтарға жауап береді. Әр азаматқа 60 сұрақ беріледі. 1 сағат уақыт бөлінеді", – дейді бас мүфти.

Айта өтейік, Түркістан облысы бойынша 722 мешіт бар. Алла үйіндегі 818 дін қызметкері дәл осы сұрыптаудан өткізіледі деп күтілуде. Ал аттестациядан өте алмай қалғандар бір айдан кейін тағы да тапсыруға мүмкіндігі бар. Одан сүрінсе, қайтадан білім жетілдіру курстарына жіберілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу