Түркістан өңірінде мақта терімі басталды

1351

Биыл мақтааралдық шаруалар 38 мың гектардан аса жерге мақта шитін сепкен. 

Түркістан өңірінде мақта терімі басталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Ең бірінші болып Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты "Нұржан" шаруа қожалығы өнімін жинауды бастады, деп хабарлайды otyrar.kz.

5,8 гектар жерге "Мақтаарал 47/27" мақта сортын еккен қожалық 27 центнерден өнім алуда. Мақта теріміне жергілікті ауыл тұрғындары қатысып, келісіне 30 теңгеден еңбекақылары берілуде.

Биыл мақтааралдық шаруалар 38 мың гектардан аса жерге мақта шитін сепкен. Ал былтыр ақ ұлпадан 96 мың тонна өнім жиналған еді. Ауа райы мен зиянкестерге байланысты орташа өнімділік 25 центнерге әрең жеткен болатын.

Ал, биыл бұл межеден асамыз деген жоспарын "Қазіргі таңда мақта алқаптарында жапырақтарды қурату жұмыстары басталып кетті. Аудан бойынша 7842 гектар ғана мақталық алқап дефолиацияланған. Бұл — өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, шаруаларға түсіндіру жұмыстарын барынша жүргізудеміз. Күні кеше ғана аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен дәл осы мәселе бойынша семинар-кеңес өткіздік",–деді ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өсер Мырзамданов жасырмады.

Былтыр ауданда мақта өндіретін 5 зауыт және мақта қабылдайтын 69 бекет шаруаларға қызмет көрсеткен еді. Биыл да бұл өндіріс орындары жиын-терім науқанына дайын. Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге шілде, тамыз, қыркүйек, қазан айларына мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 4420 тонна жанаржағармай бөлініп, "Sapali Munai" ЖШС-і арқылы 1560 тонна, "РосАзияНефть" ЖШС-і арқылы 1430 тонна, "Standart Oil Petrleum" ЖШС арқылы 1430 тонна жанар жағармай шаруаларға таратылуда.

Жалпы жыл басынан бері мақтааралдық диқандар 414 миллион теңгеге лизингке және өз қаржыларына 40 дана әртүрлі жаңа техникалар сатып алған. Мұның бәрі күзгі жиын-терім науқанының сәтті өтуіне ықпалын тигізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу