Түркістан полициясы шетелдік блогерлерден ақша талап еткен: Туризм министрлігі пікір білдірді

165

Министрлік мұндай жағдайлар басқа да елдерде кездесетінін айтты. 

Түркістан полициясы шетелдік блогерлерден ақша талап еткен: Туризм министрлігі пікір білдірді Фото: gov.kz

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Түркістан облысында полицейлердің Беларусь азаматтарынан 200 мың теңге талап еткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шынымен сондай жағдай болған. Бұл жалғыз жағдай емес. Таксистерге немесе полицияға байланысты жағдайлар кездеседі. Бұл Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Әсіресе, туризм дамыған елдерде сондай жағдайлар болады. Бірақ бізде жоспарымызға сәйкес, келесі аптада полиция және кеден қызметкерлерімен, шекараны бақылайтын қызметкерлермен туризмге байланысты бір жиналыс өткіземіз деген жоспар бар. Осындай мәселелерді көтереміз. Бір мысал келтіресек, қазіргі уақытта Барселона қаласының әкімшілігі овер туризмнің теріс әсерін көріп жатыр. Туристердің көп болуынан қылмыс деңгейі өсіп жатыр. Оларда да осындай проблема бар", - деді вице-министр Ержан Еркінбаев.

Оның дерегінше, Барселонаға келетін бір туристің өзіндік құны – 160 евро. Қала әкімдігі бұл сомадан аз жұмсаған турист Барселонаға керек емес деген шешім қабылдаған. 

"Қазір Барселона туристің портретін ескеріп, тек қана көбірек ақша жұмсайтын туристерді өздеріне шақырып жатыр. Біз де туристердің санынан жаңа рекордқа ие болайық деген ұстанымды қоюымыз керек. Біріншіден, туристің қалтасына қарап, мақсатты нарықтарда маркетинг жүргізіп, дұрыс туристерді тартуымыз керек", - деді Туризм және спорт вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу