Түркістан полициясында дрон операторларын даярлау орталығы ашылды

261

Қызметкерлері ұшақсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша арнайы дайындықтан өтеді.  

Түркістан полициясында дрон операторларын даярлау орталығы ашылды Фото: gov.kz

Түркістан облысы Полиция департаментінде ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлау және практикалық оқыту орталығы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа орталық полиция қызметкерлеріне заманауи технологияларды меңгеріп, дрондарды жедел-қызметтік жұмыстарда тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылуында мердігер компания мамандары арнайы жабдықтар мен симуляциялық кешеннің мүмкіндіктерін таныстырды. Қатысушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, ұшыру және қондыру бойынша практикалық жаттығуларды тамашалады.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Сейітжомарт Сейітхан оқу орталығының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді. Бірқатар азаматқа Полиция департаменті басшылығының арнайы марапаттары табысталды.

– Оқу орталығында Түркістан облысы ПД-нің жедел қызметтері, табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері оқытылып, олардың кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған сабақтар тұрақты түрде жүргізілетін болады, – деді Сейітжомарт Сейітхан.

Жоба полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу