Түркістан-Самарқан халықаралық автобус бағыты ашылды

1369

Бір жолаушы үшін жолақы құны – 4 мың теңге.

Түркістан-Самарқан халықаралық автобус бағыты ашылды

Түркістан-Самарқан халықаралық автобус бағыты ашылды. Түркістан қаласынан шыққан автобус Гүлістан, Жизақ қалалары арқылы Самарқанға барады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жолаушылар автобусы күн сайын сағат кешкі (Астана уақытымен) 18-00 "Алтын орда" бекетінен жолға шығады. Самарқан қаласындағы "Самарқанд" автовокзалынан шығу (Астана уақытымен) 18-00-де.  Бір жолаушы үшін жолақы құны – 4 мың теңге. Түркістаннан шыққан автобус Шымкент қаласында жарты сағат аялдайды.

Аталған бағыттың ашылуы екі елдің арасында туристер ағынының  артуына, жаңа туристік бағыттар қалыптастыруға  және ынтымақтастықтың нығаюына  оң әсерін тигізетін болады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының Өзбекстанның Самарқан қаласымен сауда-экономикалық, туристік әлеуетін нығайтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу