"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Түркістан – Сібір магистралінің 90 жылдығына орай фото байқау басталмақ, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ баспасөз қызметі.
Фото байқаудың басты мақсаты – фото туындылар арқылы Қазақстан темір жолының даңқты тарихы мен дамуын көрсету.
Байқау сонымен қатар темір жолдағы дәстүрлер мен сабақтастықты нығайтуға, жас теміржолшыларды тарихи естеліктерді сақтауда ынталандыруға өз мамандығының өткені мен бүгініне махаббат пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға үндейді.
Фото байқау ұйымдастырушылары өткен жылдардың фото суреттерін www.railways.kz корпоративтік сайтындағы Түрксібтің 90 жылдығына арналған бөлігіне орналастырады. Өз кезегінде байқау қатысушылары ретро фотоларда көрініс тапқан заманауи фотоларын ұсынулары керек.
Байқау ұйымдастырушылары бір мезгілде өткен жылдар және қазіргі уақыттағы екі суретті қарайтын болады. Соның ішінде ең үздігі қазылар алқасының қарауына жіберіледі. Жүлделі орындар иегерлерінің есімі қорытындысы шығарылған соң 2020 жылдың 17 шілдесіне дейін белгілі болады.
Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, олардың жұмыстары Түрксібтің 90 жылдығына арналған сурет көрмесіне қойылады. Сонымен қатар ұлттық компанияның сайтында және "Қазақстан теміржолшысы" салалық газетінде жарияланады.