Түркістан тұрғыны интернетте бойжеткеннің атын жамылып, ақша бопсалаған

499

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Түркістан тұрғыны интернетте бойжеткеннің атын жамылып, ақша бопсалаған Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ер адам әлеуметтік желіде жалған парақша арқылы өзін бойжеткен ретінде таныстырып, Қызылорда облысы тұрғынынан ақша бопсалаған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтының телеграмм арнасына сілтеме жасап.

“21 жастағы Түркістан облысының тумасы әлеуметтік желілерде жалған парақшалар арқылы өзін бойжеткен ретінде таныстырып, жеке мәліметтерді желіге жариялаймын деген желеумен қорқытып, ақша бопсалаған. Күдікті департаменттің ҰҚҚКБ-ның қызметкерлерімен Түркістан облысында ұсталып, Қызылорда облысына жеткізілді”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 194- бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу