Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында мұғалімдердің құқы жиі бұзылады

863

"Педагог мәртебесі туралы" заң аясында Білім және ғылым министрлігі педагогтардың еңбек жағдайын жақсарту жұмысын атқарып жатыр. 

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында мұғалімдердің құқы жиі бұзылады

Бұл шара мұғалімдерді өзге жұмыстар мен тексерулерден босатып, материалдық ынталандыруға бағытталған.

Онлайн форматта өткен республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, еліміздің барлық өңірінде педагогтардың құқығы бойынша аумақтық кеңес құрылып, қызмет көрсетіп жатыр.

"Жыл басынан бері 116 ресми өтініш келіп түсті. Өтініш бойынша педагогтардың құқығын бұзу фактілері расталды. Құқықбұзушылықтың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Педагогтарды өзге жұмыс түрлеріне тарту, білім алушылар мен олардың ата-аналары тарапынан құрметтемеу және әдепсіз мінез-құлық мәселелеріне қатысты шағым түсті. Педагогтарды жөндеу жұмыстарына, мектеп кабинеттерін тазалауға тарту, газеттер мен журналдарға мәжбүрлеп жазу фактілері анықталды. Расталған фактілер бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу