"Түркістан-жаңа қала" тұрғын үй алабының қазығы қағылды

1687

Аумағы 38 гектар жерге 88 көпқабатты тұрғын үй салынады. Оның 44 үйі 2019 жылы пайдалануға берілсе, қалған 44 үй 2020 жылы ел игілігіне тапсырылады.  

"Түркістан-жаңа қала" тұрғын үй алабының қазығы қағылды

Түркістан қаласында жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан "Түркістан-жаңа қала" тұрғын үй алабының қазығын қағып, іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қатысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Қадірлі түркістандықтар! Елбасы Жарлығымен облыс орталығы көне Түркістанға ауысқалы үлкен өзгерістерге бет бұрдық. Қазіргі таңда Түркістан қаласын дамыту бойынша ірі жобалар қолға алынуда. Солардың кезектісі – 88 үйдің құрылысы. Бүгін "Түркістан" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен жеке инвестиция есебінен бой көтеретін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Мұнда 2-інші және 3-інші кластағы 2724 пәтер бар. Осы баспаналар "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бірер жылда облыс орталығы жаңа келбетке ие болады. Құрылыс жұмыстарына отандық өнімдер қолданады. Тұрғын үйдің сапалы болатынына сенімдімін. Іске сәт!", – деді облыс әкімі көпқабатты тұрғын үй салудың іргетасын қалау рәсімін өткізу кезінде.

Аумағы 38 гектар жерге 88 көпқабатты тұрғын үй салынады. Оның 44 үйі 2019 жылы пайдалануға берілсе, қалған 44 үй 2020 жылы ел игілігіне тапсырылады.  Барлығы 4 тұрғын үй кешені – "Отырар", "Сырдария",  "Арман" және "Сауран". Жалпы 2724 пәтер, 196285 шаршы метр алаңды алады. Бұл құрылыстарды жүргізуде "Оңтүстік құрылыс сервис" ЖШС, "Берен" ЖШС, "Шымкент құрылыс" ЖШС және  "NK Building" ЖШС қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу