Түркістан және Жамбыл облыстарының автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды

333

Республикалық және өңірлік деңгейдегі жедел штабтардың жұмысы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.  

Түркістан және Жамбыл облыстарының автожолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды Фото: ҚР ТЖМ

Қабылданған шаралардың арқасында қар құрсауында қалған автокөліктерден 5000-нан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігінен, Қазавтожол, жергілікті атқарушы органдардан 450-ден астам адам және 230 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде көмек көрсету үшін келген Қырғызстан ТЖМ-нің 42 құтқарушысы мен 8 бірлік техникасы тартылды.

Түркістан облысындағы авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарға ТЖМ бөлімшелерінен, жол қызметтерінен, полициядан және жергілікті атқарушы органдардан 450-ге жуық адам мен 140 бірлік техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Жетісу облысының жолдарында 70-тен астам адам құтқарылды.

Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан , Абай және Жетісу облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде және облыстық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық.

Республикалық және өңірлік деңгейдегі жедел штабтардың жұмысы жағдай толық тұрақталғанға дейін жалғасатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу