Түркістанда "MEGACITY" ойын-сауық кешені ашылады

1529

Нысанның ашылуы биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Түркістанда "MEGACITY" ойын-сауық кешені ашылады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы әуелі "Түркістан индустриалды аймағында" орналасқан "Гранд микс" Жиһаз фабрикасына барды. Бұл жобаның жалпы құны - 364 млн теңге. Бүгінде өндіріс орнында 120 адам жұмыспен қамтылып отыр, жалпы аумағы - 1,8 гектар. Аталған жоба жылына 150-170 млн теңгенің дайын өнімін өндіреді. Қазір фабрика жиһаздың 40-қа жуық түрін дайындауда. Негізі шикізат Ресейден алынады.

Жобаның жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі әлі де өнім көлемін арттыруды тапсырды. 

Одан кейін облыс әкімі жалпы аумағы 15 мың шаршы метрлік "Megacity" ойын-сауық кешенінің құрылысымен танысты. Нысанның жалпы құны 2 млрд теңгені құрайды. Мұнда алдағы уақытта 200 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 800 адамға қызмет көрсететін болады. 5 қабатты кешеннің әрбір қабатында түрлі бөлімдер орналаспақ.

Кешеннің атқарушы директоры Азамат Мамеджановтың айтуынша, кешенде алып супермаркеттер, киім дүкендері, ойын-сауық алаңдары мен кинотеатр орналаспақ. Нысан биылғы жылдың желтоқсан айында есігін ашатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу