Түркістанда 12 мыңнан астам трамадол таблеткасы тәркіленді

285

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар трамадол дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті 2 адамды анықтап, ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістанда 12 мыңнан астам трамадол таблеткасы тәркіленді Фото: Видеодан скриншот

Полицейлер Түлкібас ауданының Алматы-Шымкент тасжолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары отырған Lada автокөлігін тоқтатқан. 

Полиция қызметкерлері аталған көліктің жүксалғышын тексергенде трамадолдың 12 мыңнан астам таблеткасын тауып, тәркіледі. 

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу