Түркістанда 16 жастағы туысқанын зорлаған 71 жастағы тұрғын сотталды

Қаскөйге 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Түркістанда 16 жастағы туысқанын зорлаған 71 жастағы тұрғын сотталды Фото: stan.kz

Жаға ұстатарлық оқиға 2024 жылы Келес ауданы, Еңбекші ауылында тіркелген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жәбірленушінің 16 жасында туысқан атасынан зорлық көріп, жүкті болғаны, баланы босанғаны сот-медициналық сараптамадан соң толық дәлелденген.

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев оқиғаның жай-жапсарын айтып берді.

– Жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, әкесі қарауыл болып зиратқа кеткенде үйіне ұрланып кірген. Қыз бала үйінде сіңлісімен ғана қалған екен. Сөйтіп, туысын қорлайды. Алғашқы күні жасаған азғындығын ол 3 күн қатарынан жалғастырады. Соңында жеткіншек жүкті болып қалған, – дейді ол.

Қорланған қыз сәбиді Астана қаласында босанған. Содан соң ғана араға уақыт салып, ауылға оралған.

– "Кәмелет жасына толмаған баланы зорлап, үйіне ұрланып кірді" деген айып тағылған Келес ауылының тұрғыны 15 жыл 6 айға сотталды. Жаза мерзімі 17 жылға дейін берілуі керек еді. Сот сотталушының жасы мен денсаулығын ескеріп, 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды, – дейді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев. 

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 2 жыл бұрын Түркістан облысы, Келес ауданы, Еңбекші ауылында болған-ды. Қазіргі уақытта жас ана мен бала Астана қаласына қоныс аударған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу