Түркістанда 18 жастағы келіншек үш баланы дүниеге әкелді

3336

Былтыр Түркістан облысында бес үшем дүниеге келсе, бір жылда туған сәбилер саны 55 мыңнан асқан.  

Түркістанда 18 жастағы келіншек үш баланы дүниеге әкелді

Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сарыағаш ауданының тұрғыны, студент Жанар Анарбаева он сегіз жасында үш баланың анасы атанды.

"Былтыр ғана ақ босаға аттап, келін атанған жас келіншек Адина, Медина, Үсен есімді екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкеліп отыр. Облыстық №1 перинаталды орталықта ай күніне жетпей туылған үш ағайынды сәбидің жағдайы қазір жақсы" делінген хабарламада.

Жанар перзентхананың қызметкерлеріне алғысын білдіруде. Ауылда асыға қуанып әжелері күтіп отыр екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу