Түркістанда 2 қызын зорлады деген күдікпен өгей әкесі ұсталды

202

Кентау қаласында 45 жастағы ер адам кәмелетке толмаған өгей қыздарын 5 жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркістанда 2 қызын зорлады деген күдікпен өгей әкесі ұсталды Фото: canva

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам екі қызды 6 және 8 жастан бастап зорлап келген. 

Осыған қатысты Түркістан облысы Полиция департаменті ресми түсінік берді.

– 2025 жылдың желтоқсанында Кентау қаласының кәмелетке толмаған екі тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер бойынша полицияға арыз түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады, – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейтіні нақтыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу