Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардың басым бөлігі шығыс үлгісінде болады. Жаңа облыс орталығының бас жоспарын әзірлеуге сәулетшілер шетелден шақырылады. Алдағы айда шаһарда халықаралық сәулетшілер байқауы өтіп, үздік жобалар бас жоспарға енгізіледі. Бұл жайында қала әкімі Әліпбек Өсербаев хабарлады.
Жалпы қаланың шығыс бөлігіндегі 300 гектарға жуық аумақта үлкен құрылыс басталады. Мамандардың айтуынша, Түркістан сейсмикалық жағынан қауіпсіз жерде тұр. Жерасты суы төмен, жері қатты. Бұл өз кезегінде құрылыс құнының арзан болуына септігін тигізеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу