Түркістанда 40 жастағы әйел үшем босанып, 8 баланың анасы атанды

351

Үш ұлға туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойды.

Түркістанда 40 жастағы әйел үшем босанып, 8 баланың анасы атанды Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бәйдібек ауданының тұрғыны, 40 жастағы көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге алып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы қалыпты. Нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан да ерекше күтім жасалған.

Үш ұлға туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойды.

Жансауле Доспанова үшем босанатынын алғаш естіген кезде қатты қобалжығанын айтады. 

"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым. Жалпы, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламағанбыз", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу