Түркістанда 41 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

130

Сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдері берілді.

Түркістанда 41 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді Фото: Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан қаласындағы № 3 облыстық перинаталдық орталықта 41 жастағы Марина Жұрымбаева үш ұлды дүниеге әкелді. Жүктілік мерзімі 32 апта болған. Босану кесар тілігі әдісімен өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл балалардың салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болды.

"Шала туғандықтан нәрестелер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, жансақтау бөлімшесінде 10 тәулік дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары тұрақталған соң сәбилер анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөліміне ауыстырылды", – делінген ведомство ақпаратында.

Отбасында бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиеленіп отыр.

Дәрігерлердің айтуынша, үшем отбасында 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген сәбилер.

Нәрестелер 35 тәуліктен кейін анасымен бірге үйіне шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу