Түркістанда 5 қылмыстық құқық бұзушылықтың жасырылғаны анықталды

809

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылдануда.  

Түркістанда 5 қылмыстық құқық бұзушылықтың жасырылғаны анықталды Фото: inbusiness.kz

Түркістанда прокурорлар әкімшілік материалдарды зерделей келе, тіркеуден жасырылған 5 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда полиция қызметкерлері есірткіге масаң күйде көлікті басқарған 4 жүргізуші мен көлік басқару құқығынан айырылып, қайта көлікті масаң күйде басқарған 1 жүргізушінің іс-әрекеттерінде қылмыс құрамы болуына қарамастан, оларды тек әкімшілік жауапкершілікке тартумен шектелген.

"Бұл ретте прокуратура есiрткi заттарын пайдалану (ҚР ҚК 296-б.  Есірткі және сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра қайта есірткіге масаң күйде көлік басқару (ҚР ҚК 346-б. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) фактілері бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады",- делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылдануда.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу