Түркістанда 8 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты жымқырылған

219

Заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізілді.

Түркістанда 8 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты жымқырылған Фото: canva.com

Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды.

"Департаменттің лауазымды тұлғалары "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ (бұдан әрі - КММ) есепшілерімен сөзбайласу арқылы КММ-ніңқызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.

Облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуфактісімен СДТБТ тіркеп, тергеу жүргізуді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды", - делінген Түркістан облысы прокуратурасының хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу