Алдын ала тексерулер барысында дәрігерлер қауіпті диагнозды анықтап, науқастың өміріне қауіп төндірген соң жедел шешім қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақ халатты абзал жандар 9 жасар баланың бауырынан көлемі 14 сантиметрге жеткен эхинококк құртын алып шықты.
Білікті дәрігер Мұхан Спабекұлының жетекшілігімен ота ашық әдіспен жасалып, паразиттік құрт толықтай алынған.
Қазіргі таңда бала қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Аталған ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін жүргізілді.
Мамандар ата-аналарға балалардың денсаулығына ерекше мән беруді ескертеді. Егер балада мазасыздық, іштің ауыруы, әлсіздік сияқты шағымдар байқалса, уақыт оздырмай дәрігерге жүгіну қажет.
Себебі ерте диагностика – қауіпті дерттің алдын алудың ең тиімді жолы.