Түркістанда 91 нысанның иесі меншігін мемлекет мұқтаждығы үшін бұзуға келісім берді

967

Бүгінге дейін 17 үй сүріліп, орны тегістелді. 40 азамат бағалау жұмыстарымен келіспей отырса, қалған 30 нысанның иесімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Түркістанда 91 нысанның иесі меншігін мемлекет мұқтаждығы үшін бұзуға келісім берді

Түркістан қаласында 91 нысанның иесі меншігін мемлекет мұқтаждығы үшін бұзуға келісім берді, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінге дейін 17 үй сүріліп, орны тегістелді. 40 азамат бағалау жұмыстарымен келіспей отырса, қалған 30 нысанның иесімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлімдеді.

Шаһар басшысының айтуынша, әкімшілік екінші рухани-мәдени аймақтағы меншігі бұзылатын 170-ке жуық нысан иелерінің барлығына осыдан 3 ай бұрын бағалау жұмыстарының нәтижесін жіберген. Егер осы аралықта берілетін өтемақымен келіспейтін тұрғындар болса, өздері бағалатып, сотқа беруге құқылы екенін ескерткен. Қала әкімінің айтуынша, берілген 3 ай мерзім аяқталды, енді әкімшілік сот арқылы шешуге мәжбүр екен. Сондай-ақ шаһар басшысы әлеуметтік желі арқылы "үйімізді тартып алып, бұзып тастайын деп жатыр" деп, байбалам салушылардың әрекеті шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

 Әліпбек Өсербаев, "171 нысанның бәрін бірден бұзып тастайын деп отырған жоқпыз. 1-ші кезекте салынатын құрылыс нысандарының орнын, қажет болса 1 ақпанға дейін босатуымыз қажет. Ал одан кейін рет-ретімен қандай нысан түседі, соған байланысты біз босата береміз. Кейбір азаматтар "бізге тез-тез қаржыңызды беріңізші, тез көшіп кетейік" деп отыр. Біз оларды бұзбай отырмыз. Бізге 1-кезекте орны белгіленген жерді ғана бұзып, ары қарай сәуір, мамырға дейін өздері шығып кетсін деп отырмыз", – дейді ­Түркістан қаласының әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу