Түркістанда агроөнеркәсіп технологияларының көрмесі өтті

1058

Көрмеде көпшілікке ауыл шаруашылығы өнімдері, асылтұқымды төрт түлік малдың түрлері мен заманауи техникалар ұсынылды.

Түркістанда агроөнеркәсіп технологияларының көрмесі өтті

Түркістан қаласында "Агроөнеркәсіп кешенінің озық технологиялары" атты көрме өтті, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Көрмеде шаруаларға сүт қабылдау бекеттерінің жұмысы көрсетіліп, салмағы 1 тоннадан асатын "Абердин – ангус" бұқалары мен асылтұқымды қаракөл қойларының ерекше түрлерін көруге мүмкіндік болды.

Көрмеде заманауи техникалармен жабдықталған ауыл шаруашылығына арналған арнайы машиналар мен құрал-жабдықтар көпшілік назарына ұсынылды. Ауыл шарушылығы техникаларынан әлемге танымал Джон-Дир, Ламборджини, Сампо-лев сынды тракторлары көрсетілді. Егін шаруашылығы бойынша минералды тыңайтқыштар, гербицид, пестицид және тағы басқа препараттар қойылды.

Сонымен қатар, көрмеге азық-түлік белдеуін құруға байланысты жаңбырлатып және тамшылатып суаруға арналған жылыжай кешені жабдықтарын шығаратын өндірушілер қатысты.

Бұдан өзге, асылтұқымды мал түрлерінің (қой, жылқы, бұқа, түйе) көрмесі ұйымдастырылды. Құс және балық өсіруде қолданылатын құрал-жабдықтарды өндіретін мекеме мамандары мен құрама жем және малға қажетті түрлі дәрумендер шығаратын зауыттардың, ветеринариялық дәрі-дәрмектердің барлық түрін және қолдан ұрықтандыру жабдықтарын шығаратын өндіріс орындары өз өнімдерін таныстырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу