Түркістанда алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ұсталды

417

Шығын көлемі -  6 млн теңге.

Түркістанда алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ұсталды Фото: ratel.kz

“Cyberpol” арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласында ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордалықтың Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. 

Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан.   

ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу