Түркістанда әлеуметтік желіде алаяқтық жасаған әйел ұсталды

488

Сарыағаш ауданының екі тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болып, күдіктіге 120 мың теңгеден астам қаражатын берген.

Түркістанда әлеуметтік желіде алаяқтық жасаған әйел ұсталды Фото: mugalzhar.kz

Түркістан облысында полиция азаматтардың сеніміне кіріп, қолма-қол ақша беруге уәде еткен алаяқты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің “Сiberpol” тобының қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады. Ол облыс аумағында алаяқтықтың 2 фактісіне қатысы бар Шымкент қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.

30 жастағы әйелдің әлеуметтік желілерде ақшалай қаражатты “қолма-қол ақшаға айналдыру” бойынша қызметтер туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

Мәселен, Сарыағаш ауданының екі тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болып, күдіктіге 120 мың теңгеден астам қаражатын берген.

Көрсетілген фактілер бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер бүгінде алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, мүлкін иемденудің әртүрлі тәсілдерін ойлап тапқанын еске салады. Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сеніп, жеке деректерді хабарлауға немесе күмәнді шоттарға ақша аударуға болмайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу