Түркістанда ана мен бала дәрігерін дайындайтын оқу орталығы ашылды

1376

Орталықты ашуға ЮНИСЕФ те атсалысты.

Түркістанда ана мен бала дәрігерін дайындайтын оқу орталығы ашылды

Бүгін Түркістан облысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының және БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) ұйымдастыруымен медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқу орталығы ашылды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және облыстың медициналық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Аталған орталық әмбебап-озық үлгідегі кешенді қызмет көрсете алатын патронажды медбикелерді дайындап шығаратын болады. Орталық жыл сайын мыңдаған патронажды медбикелерге, дәрігерлерге, әлеуметтік қызметкерлерге, сондай-ақ психологтарға балалардың толыққанды  дамуы жайлы ата-аналарды ақпараттандыруға қажетті біліммен қамтамасыз етпек.

Айта кетерлігі, орталық кіші жастағы балалардың толық дамуы саласындағы ЮНИСЕФ пен ДДСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келетін озық білімі бар дәрігерлерді, патронажды медбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытып шығаруға қажетті құралдармен толықтай жабдықталған.

Сондай-ақ, орталықтың ашылуына орай Түркістан облысы әкімдігі мен ЮНИСЕФ-тің қазақстандағы өкілі арасында меморандум түзілді. Халықаралық ұйым өкілі Юрий Оксамитныймен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу