Түркістанда Ашық триатлон кубогі өтеді

781

23-24 сәуірде Түркістан Elite, U23, U19 және U17 санаттарындағы спортшылар арасында өтетін Қазақстан Республикасының Ашық триатлон кубогінің бірінші кезеңін қабылдайды, деп жазады prosports.kz.

Түркістанда Ашық триатлон кубогі өтеді

Бірінші сайыс күні еліміздің түрлі аймақтарынан келген он үш жастан асқан 60 астам спортшылар сынға түседі.

Екінші сайыс күні алаңға Gasenergy TEMIRADAM CUP Turkestan жарысының Pro (кәсіпқой) мен Age Group (әуесқой) санатындағы қатысушылары шығады. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ташкент, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарынан келген 100 астам спортшы қатысады. Олар TEMIRADAM кубгының рейтингтік ұпайлары үшін сынға түседі.

Екі күндік сайыстың барша қатысушылары 750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден құралған спринт қашықтығын бағындырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу