Түркістанда ашылатын колледждің түлектері Малайзия университетінің дипломын алады

644

Бұл келісім Куала-Лумпурда өткен Халықаралық бизнес-форум аясында Түркістан делегациясының ресми өкілдері мен Taylor's University университетінің басшылығы арасында жасалды. 

Түркістанда ашылатын колледждің түлектері Малайзия университетінің дипломын алады

Малайзия елінің №1 университеті – Taylor's University Түркістанда білім алатын студенттері үшін арнайы оқу бағдарламасын жасайтын болады. Сонымен қатар Түркістанда жүріп-ақ аталмыш оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл келісім Куала-Лумпурда өткен Халықаралық бизнес-форум аясында Түркістан делегациясының ресми өкілдері мен Taylor's University университетінің басшылығы арасында жасалды. Форум түркістандық делегаттардың Малайзияға жасаған роуд-шоуы барысында өтті. Малайзия университетінің бағдарламасы Түркістан облысында құрылысы биыл басталғалы жатқан Халықаралық туризм және сервистік қызмет колледжі студенттерінің оқу бағдарламасына енгізіледі деген жоспар бар. Онда түркістандық жастар халықаралық деңгейде туризм және сервистік қызмет саласында білім алмақ.

Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебековтің айтуынша, дуалды оқыту жүйесінде бірден екі диплом алуға болады.

"Түркістанда ашылатын Халықаралық колледждің түлектері оқуды тәмамдағанда колледждің дипломын және Taylor's University университетінің дипломын иеленеді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс табуға ерекше мүмкіндік береді", – дейді ол.

Қазіргі уақытта қос тарап осы әріптестікті тереңталдаудан өткізіп жатыр.

Айта кететін жай, Халықаралық бизнес-форумға Малайзияның 100-ден астам ірі туроператоры мен кәсіпкері қатысты. Түркістандық делегация оларға Түркістан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Таныстырылымдардан кейін екіжақты В2В форматында кездесулер өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу