Жалпы аумағы 40 гектарға жуық жерде орналасқан Президент саябағында тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы 100 мың текше метрге жуық. Тереңдігі – 4 метр. Көлде қайықпен серуендеуге, су спортымен шұғылдануға мүмкіндік бар.
Биыл көктемде осы су айдынында триатлоннан Қазақстан кубогі жолындағы жарыс өткізілді. Мамандар мен спортшылар Түркістандағы жасанды көлге оң пікірлерін білдірген болатын.
Жалпы саябақтың көгалдандырылған аумағының көлемі – 25 гектарға жуық, 3 500 шаршы метрге гүл егілген. Аллея, субұрқақтары мен балалар ойын алаңшалары, орындықтары мен жүгіру және веложолы бар.
Сонымен бірге жаңа саябақта 7 мыңнан астам ағаш, 43 мың түптен астам гүл егілген. Әлемнің бірнеше мемлекетінен елімізде сирек кездесетін ағаш түрлері әкелінген.
Жарықшамдар орнатылған.